USD
USD
USD

Алматыда қар көшкіні болды

Алматы тауларында қар көшкіні болды. 

Алматыда қар көшкіні болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Алматы қалалық тқтенше жағдайлар департаментінің мәліметі сәйкес, бүгін сағат 10: 43-те Қотырбұлақ өзенінің бассейнінде жауын-шашынның түсуіне байланысты № 15 көшкін жинағында өздігінен қар көшкіні болды. Түскен қар массасы «Пионер» тау шаңғысы отбасылық курортының арқанды жолына дейін жетті.

«Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласы бойынша ұсынысы бойынша кешенде орнатылған арқанды жолының жұмысы 15 наурыздан бастап тоқтатылған болатын. Қонақ үйде келушілер жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Көшкіннің көлемін нақтылау үшін Қазселденқорғау қызметкерлері оқиға орнына жіберілді», – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар жамылғысы қалың және тұрақсыз болғандықтан 25-28 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері