Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда қар көшкіні болды

Алматыдағы тауда жасанды қар көшкіні жүргізілді. 

Алматыда қар көшкіні болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Таулы жерлерде жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты, сондай-ақ тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 12 ақпан күні «Шымбұлақ» ТШК аумағында орналасқан «Конус» шатқалында жасанды қар көшкінін жүргізу шарасы ұйымдастырылды», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Жарылыс жұмыстары «Avalancher Type 1732» көшкінге белсенді әсер ететін пневматикалық қондырғысының көмегімен жүргізілді.Нәтижесінде 5000 текше метр қар массасы тау етегіне түсті.

Қар көшкінін түсіру жұмысына «Шымбұлақ» ТШК,«Қазселденқорғау» ММ мамандары жұмылдырылды.

Оны Алматы қаласы ТЖД, «Қазгидромет» РМК, «География институты» АҚ өкілдері бақылап, қадағалады.

Сонымен қатар, таулы жерлерде қар көшкіні қаупінің барына байланысты және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында «Шымбұлақ»ТШК жоғары және Үлкен Алматы өзені бассейнінің «Аюсай»шатқалында автокөліктер мен адамдардың өтуін шектеу үшін бекеттер қойылды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық