USD
USD
USD

Алматыда қар көшкіні астында қалған әйел құтқарылды

Жоғалған әйел Алмаарасан тауларынан табылды, - деп хабарлайды ТЖМ "РЖҚЖ" ММ баспасөз қызметі.

Алматыда қар көшкіні астында қалған әйел құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, 7 қаңтарда 1983 жылы туған турист әйел тауға, "Терра" алаңына жалғыз өзі шыққан. Жаяу серуендеп болғаннан кейін ол көлікке түскен кезде телефонын және бақылау таяқшаларын жоғалтып алған. Әйел таудан түсіп бара жатқанда, қар көшкіні жүріп, ол құлап қалған. Осылайша, көшкін оны "Проходная" өзеніне қарай алып кеткен.

9 қаңтарда сағат 5 шамасында ҚР ТЖМ "РЖҚЖ" ММ кезекші бөліміне Алмаарасан шатқалында жоғалған әйел туралы шақыру келіп түскен. Жеке құрамның 11 құтқарушысы, оның ішінде 1 кинология есептобынан тұратын жедел топ құтқаруға шыққан. РЖҚЖ қызметкерлері туристі түні бойы жартасты және қарлы таулардан іздеген. Іздеу түні бойы жалғасты. Түнгі сағат 4-ке таяу зардап шеккен турист табылды.

РЖҚЖ құтқарушылары барлық қажет көмек көрсетіп, туристі Проходное шатқалына қарай тасымалдаған. Кейін зардап шегуші АМО бригадасына табысталған.

Қазір оқып жатыр

«7 айда жауап алуға екі-ақ рет шақырды»: Алматыда журналист Гүлнар Бажкенованың соты басталды

Гүлнар Бажкенова

Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады

Терроризмге осал нысан

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын

Ресейге жеткізу

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау