USD
USD
USD

Алматыда қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 2 мыңға жуық кәсіпкер өтемақыға өтінім берді

Алматыда тағы 102 кәсіпкер залал өтемақысын алды. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 2 мыңға жуық кәсіпкер өтемақыға өтінім берді
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Алматыда бизнес субъектілеріне мүліктік зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиясы жалпы сомасы 188,6 млн теңгеге кәсіпкерлердің 102 өтінімін мақұлдады. Оның ішінде 55,2 млн теңге сомасына 32 өтінім бюджет қаражаты есебінен, қалған 133,4 млн теңгенің 70 өтінімі «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаражатынан қаржыландырылды.

Айта кетейік, комиссия жұмысының барлық кезеңінде бүгінгі таңда 644,9 млн теңге сомасына 362 өтінім мақұлданды, оның ішінде 212,4 млн теңгеге 140 өтінім бюджет қаражатынан, 432,5 млн теңгеге 222 өтінім қор қаражатынан қаржыландыруға ие болды.

«Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінен өтінімдер түсу жалғасуда, Info Kazakhstan сайтына Алматы қаласы кәсіпкерлерінен барлығы 2 мыңға жуық өтінім келіп түсті»,- деп мәлімдеді басқарма.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық