USD
USD
USD

Алматыда қаңтар оқиғасы бойынша 24 адам шартты түрде сотталды

Алматыда сот қаңтар оқиғасы бойынша 25 айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда қаңтар оқиғасы бойынша 24 адам шартты түрде сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылдың 4-5 қаңтары аралығында Алматы қаласының түкпір-түкпірінде 25 сотталушы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, тұрғын, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіріп, аса ірі көлемде ұрлық жасаған. Көліктерді де ұрлаған. Олар қауіпті өндірістік объектінің аумағына, сонымен қатар арнайы органдар күзететін басқа да нысандарға заңсыз кірген.

Сот олардың алдын ала келісім бойынша атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлағанын анықтады. Сонымен қатар төтенше жағдай жарияланған ауданда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бір топ адам алдын ала келісім бойынша мемлекеттік қызметкерлердің денсаулығына зиян келтіріп, мүлкін бүлдірген.

"Рақымшылық заңын қолданумен 20 тұлға 9 айдан 1 жыл, 9 айға дейін шартты түрде сотталды. Рақымшылық заңының қолданылуына байланысты 4 адам жазадан босатылды. 1 адамға қатысты қылмыстық іс оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылды", – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

.

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

ҚТЖ

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

KEGOC

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Қасымбек, Тоқаев