USD
USD
USD

Алматыда қаңтар кезінде қираған Nur Otan-ның бұрынғы ғимараты қалпына келтірілді

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қираған Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясының бұрынғы ғимараты қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда қаңтар кезінде қираған Nur Otan-ның бұрынғы ғимараты қалпына келтірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ғимарат Төле би көшесінде Сайран көліне қарама-қарсы орналасқан. Онда алты кеңсе және жертөле бар. Карта қызметінің мәліметінше, қазір бұл "Айсұлтан" атты бизнес орталығы.

Қарашаның ортасында бұл ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Алайда, суретте көрініп тұрғандай, ғимараттың қасбетінде Amanat партиясының осында орналасқанын көрсететін атрибуттар жоқ.

Кейін Amanat партиясының филиалы енді бұл ғимаратта орналаспайтыны белгілі болды. Партияның баспасөз қызметі бизнес орталығының сатылып, ұйымның балансынан алынғанын хабарлады.

"Осыған дейін бұл ғимаратта партияның Әуезов аудандық филиалы орналасқан болатын. Материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту мақсатында 2021 жылдың 23 желтоқсанында филиалға көштік.

Ол ғимарат қазір басқа адамның меншігінде. Қазір аудандық партия филиалы 8-шағын аудан, 31Б үй, "Алинұр" бизнес орталығында орналасқан", - деді партияның баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық