USD
USD
USD

Алматыда қандай көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі болды

Биыл жалпы ұзындығы 200 км асатын қаланың 230 көшесі орташа жөндеуден өтеді.

Алматыда қандай көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жұмыс мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін басталады. Магистральдық көшелерді орташа жөндеу тамыз айының соңына дейін аяқталады, ал аудандық маңызы бар көшелер 30 қазанға дейін жөнделеді.

Шұңқырларды жөндеу аясында шұғыл жұмыстар жүргізіледі. Олар люктерді көтеру, шұңқырларды бітеу, жарықтарды жабу. Бұған қалалық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінді. Аталмыш жөндеумен 350 мың м2 астам аумақты қамту жоспарға енген. 30 км тротуар мен 40 аялдама жөнделеді.

Алматыда жөндеуден өтетін көшелердің тізімін мына жерден көре аласыз. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе