USD
USD
USD

Алматыда қалта ұрылары көбейген

Алматы полицейлері қалта ұрыларының көбейгенін ескертеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда қалта ұрылары көбейген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Қарбалас уақытта форма киген полицейлер азаматтарға оңай жолмен ақша табуды ұнататындардың белсенділік танытып жатқанын ескертіп, өз мүлкіне сақтықпен қарауға шақырады. Науқан қалалық аялдамалар мен қоғамдық көліктерде өтуде. Сонымен қатар полиция қызметкерлері азаматтарға жеке мүлікті қорғау шаралары және оны жымқыруға жол бермеу туралы айтып береді, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қоғамдық көлікте жүру кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері:

– ұялы телефондарды, сөмкелерді және басқа да заттарды өзіңізбен бірге ұстаңыз;

– қоғамдық көлікпен жүрген кезде ұйықтамаңыз; – жеке құжаттарды киімнің ішкі қалталарына салыңыз;

– әмиянға банк карталарының PIN-кодтары бар жазбаларды салмау;

– қоғамдық көлік салонында ашық немесе зақымдалған сөмкелермен, рюкзактармен және т.б. жүрмеңіз немесе бұл заттарды өзіңізге жақынырақ ұстаңыз;

– бейтаныс адамдардың көзінше ақшаны көрсетпеңіз және санамаңыз.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков