USD
USD
USD

Алматыда қалың тұман түсіп, көктайғақ болады

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады.

Алматыда қалың тұман түсіп, көктайғақ болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 7 ақпан Алматы тауларында қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстiк-бастыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қар мен көктайғақ кезінде көліктің жүрісі нашарлап, жүргізуші көлікке ие бола алмай, жаяу жүргіншілерді қағып кетуі мүмкін екенін еске салды.
Осыған орай, Алматы қалалық ТЖД мынадай мәлімдемесін жария етті:

- көшелерден тек жол қозғалысы ережесімен белгіленген орындардан ғана өту керек;

- жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз;

- алдыңызға, аяқтың астына қарап жүріңіз;

-  аяқ киімді дұрыс таңдау аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар, тайғанамайтын материалдан жасалған, тегіс табанды болуы тиіс;

- қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, бұл мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;

- есіңізде болсын, тротуарлар, көлік аялдамалары, дүкендерге кіреберістегі баспалдақтар, тіпті үйдің кіреберісінен де адамдар жиі құлап, жарақаттануы мүмкін.

 

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да мемлекеттік мекеме есепшісі 10 млн теңгені өз есепшотына аударған

Ақша

Бүгін Қазақстанда 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

алғашқы қоңырау

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру