USD
USD
USD

Алматыда Калашников автоматын 3 миллион теңгеге сатпақ болған ер адам ұсталды

Алматыда арнайы іс-шара кезінде Калашников автоматын 3 миллион теңгеге сатпақ болған ер адам ұсталды.

Алматыда Калашников автоматын 3 миллион теңгеге сатпақ болған ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Қаскөй Калашников автоматын 3 миллион теңгеге сатпақ болған. Бұл мәмілені қалалық прокуратураның келісімімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тоқтатты.

– Арнайы іс-шара барысында қару-жарақ сатумен айналысты деген күдікпен 42 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Ол 5,6 мм патрондарды атуға жарамды АК-74 автоматын сатты. Қару-жарақтың нөмірі жойылған, бұл оны анықтауды қиындату үшін әдейі жасалды деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша атыс қаруының қайдан алынғандығы және кімдікі екендігі анықталатын болады, – деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жанат Нұрғалиев.

Күдікті өз ісін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам