USD
USD
USD

Алматыда қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты өзгерді

Алматыда қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты ұзартылды. Енді автобустар сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қатынайды.

Алматыда қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты өзгерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы қалалық көлік холдингіне сүйене отырып, ҚазАқпарат хабарлады.

«Алматы облысында коменданттық сағаттың сағат 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін өзгеруіне байланысты 13 қаңтардан бастап қала маңындағы маршруттар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді», - деп хабарлады қалалық көлік холдингі.

Бұған дейін ол маршруттар 09:00-ден 18:00-ге дейін жүретін. Айта кетейік, 12 қаңтардан бастап Алматыда барлық маршрут, оның ішінде қала маңы маршруттары да жолға шыққан болатын. Еске салайық, төтенше жағдайға байланысты қалалық маршруттар үшін таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүреді.

Қазір оқып жатыр

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтамақ

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі