USD
USD
USD

Алматыда қала әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зақымданған қала әкімдігінің ғимаратын реконструкциялау аяқталды.

Алматыда қала әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ғимараттың тарихи келбеті сақталып, заманауи технология мен құрылыс стандарты ескеріліп, қалпына келтірілді. Қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігі ескерілді, тиімді энергия тұтыну технологиясы пайдаланылды.

Сонымен қатар, азаматтардың барлық санатының жайлылығы үшін инклюзивті шешімдер енгізілді.

Реконструкциядан кейін кабинеттердің ауданы өзгеріссіз қалды, ал ғимаратта 14 басқарма мен әкім аппараты орналасады.

Қалалық әкімдік ғимаратында энергия үнемдеу технологиялары қолданылып, өртке төзімді материалдар пайдаланылды, сондай-ақ барлық қабаттар бойынша өрт сөндіру және кіруді бақылау жүйелері бар. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарды ескере отырып, ғимараттың сейсмикалық күшеюі мен жер сілкінісіне төзімділігі бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

«Әкімдік ғимаратын реконструкциялау кезінде бөлшектеу барысында белгілі бір қиындықтар байқалды. Мысалы, өрт кезінде бірнеше плиталар беріктігін жоғалтты және оларды жаңа жолмен толтырып, күшейтуге тура келді. Сейсмикалық күшейту жұмыстары аясында металдың көп мөлшері жұмсалды, қазір бұл жұмыстар көрінбейді, бірақ төтенше жағдай кезінде берік конструкциялар ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік береді», - деді «Атрикс-Строй» ЖШС құрылыс компаниясының директоры Әміржан Нәбиев. 

Оның айтуынша, Алматы әкімдігінің ғимараты реконструкциядан кейін жер сілкінісі болған жағдайда 10 баллға төтеп бере алады.

Қазір оқып жатыр

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова

Астанада екінші әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады

Астана әуежайы

Қазақстанда AI мамандарын даярлайтын жаңа университет ашылады

Жаслан Мәдиев

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

комиссия