USD
USD
USD

Алматыда қайтыс болған сарбаздың өлімінің себебі айтылды

ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешев 21 жастағы қатардағы жауынгер Макаров тапаншасынан өзіне-өзі оқ атқанын мәлімдеді.

Алматыда қайтыс болған сарбаздың өлімінің себебі айтылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - Оң қолындағы тапанша, оң жақ самайы, бәрі өзін-өзі жарақаттағанын көрсетеді. Оның жанында ешкім болған жоқ, сондықтан мен қазір ешқандай болжам мен дәлел келтіре алмаймын. Бір нәрсені айта аламын: оның өлімі әскери қызметпен байланысты емес, – деді Әлкешев.

Қайғылы оқиға қатардағы жауынгер Абылай Сабыров стратегиялық маңызы бар нысанды күзетіп тұрған кезде болды.

Марқұм әскери борышын Батыс Қазақстан облысында өтеген. Ал Алматыдағы 36-50 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызметке кіріскеніне жеті айдан асқан.

Ол Жетісу өңірінің тумасы болып шықты. Оның  денесі туыстарына берілді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт