USD
USD
USD

Алматыда қай тұрғын үйден пәтер сатып алуға кеңес берілмейді?

Алматылықтарға жоқ немесе заңсыз баспана сатқысы келетіндердің қатары артып отыр. Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары сондай пәтердің сатылымда екенін анықтады. 

Алматыда қай тұрғын үйден пәтер сатып алуға кеңес берілмейді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Demeu Development» құрылыс салушысы тиісті құжаттары толық болмаса да, «Demeu Residence» ТҮК пәтер сатуға кіріскен. Тұрғын үй кешенін биылғы жылдың IV тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. 

Таулы қырат ш/а 192 жер телімі жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған. Заң бойынша ол жерде тұрғын үй кешені салынбауға тиіс. 

Қала құрылысын бақылау басқармасы тұрғындарды абай болуға шақырады. Пәтер сатып алмас бұрын салынып жатқан үйдің құжатының бар-жоғын +7 (727) 229-81-36 нөмірі арқылы тексеру қажет.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе