USD
USD
USD

Алматыда кафе және көлік жуу орындарының жұмыс уақыты ұзартылды

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус инфекциясының алдын-алу шаралары туралы жаңа қаулысы жарияланды. 

Алматыда кафе және көлік жуу орындарының жұмыс уақыты ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаулыға сәйкес, халыққа байланыссыз қызмет көрсететін нысандар үшін (автокөлік жуу орындары, автокөлікке техникалық қызмет көрсету станциялары, дөңгелек жөндеу станциялары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалау және кір жуатын орындар және т.б.) жұмыс уақытын таңғы сағат 10:00-ден түнгі 00:00-ге дейін ұзартуға рұқсат етілді. Сонымен қатар, жұмыс, демалыс және мереке күндері таңғы сағат 05:00-ден түнгі сағат 00:00-ге дейін жеке ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарына (асханалар, кофеханалар, кафелер және т.б.) барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жеткізу қызметін көрсетуге рұқсат берілді. Қаулы 6 қазанда сағат 00:00-де күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Перуашевке қатысты ақпараттық шабуыл: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Қазақтелеком

Қазақстан-Қытай инвестициясы ел экономикасына қандай жаңа мүмкіндік береді?

Бауыржан Ысқақ

Храпуновтар Швейцарияда «толық ақталғанын» мәлімдеді. Алайда іс ескіру мерзіміне байланысты жабылған

Виктор Храпунов, Лейла Храпунова

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды

Полиция