USD
USD
USD

Алматыда IT және креативті хаб құрылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың Алмалы ауданында IT және креативті хаб құрылатынын айтты.

Алматыда IT және креативті хаб құрылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ақпараттық технология мен креативті индустрияға басымдық бере отырып, қала экономикасында «құрылымдық маневрді» дамыту үшін инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырмақпыз. Бұған жеке капитал да қатыстырылады. Бүгін Алмалы ауданында ІТ және креативті хаб жобасының іске асырылу барысымен таныстым. Инвестор Жамбыл Ревшанов технологиялық креативті компаниялар үшін ауданы 9 мың және 4 мың шаршы метр ONE Academie Informatique білім орталығы үшін кеңсе кеңістігінің құрылысын жүргізуде», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.

Білім орталығының жобасы француз бағдарламашысы, педагог Николя Садирак және 01 educational platform-мен ынтымақтастықта жүзеге асады.

«Оның бірегейлігі сол, бағдарламалау, деректерді талдау, машиналық оқыту алгоритмдері, киберқауіпсіздік, қосымшаларды әзірлеу оқытушысыз және дәріссіз жүргізіледі. Жасөспірімдер практикалық мәселелерді шешумен қатар, IT негіздерін өздігінен үйреніп, бұл салаға енді келгендерге көмектеседі. 1,5-2 жылдың ішінде 18-42 жас аралығындағы 800-ге жуық маман даярлау жоспарланып отыр» – деді қала басшысы.

Қазір оқып жатыр

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция