USD
USD
USD

Алматыда ірі жол апатынан оқушы қыз қаза тапты

Алматыда жаппай жол апатынан жаяу жүргінші қыз қаза тапты, - деп хабарлайды Алматы ПД баспасөз қызметі. 

Алматыда ірі жол апатынан оқушы қыз қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Апат 9 сәуірде сағат 17.10-да болған. Hyundai Tucson автокөлігінің 1987 жылғы жүргізушісі Гагарин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, солға бұрылып, Гагарин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Elantra автокөлігімен соқтығысып, жаяужолда тұрған жаяу жүргіншілерді қағып кетті.

Әрі қарай Hyundai жүргізушісі Гагарин көшесінде солтүстік бағытта тұрған Chevrolet автокөлігі мен Yutong автобусын соқты. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2013 жылғы жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды, марқұмның анасы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», – деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов. 

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер