USD
USD
USD

Алматыда ірі ұрлықтың беті ашылды

Әуезов аудандық полициясының мәліметінше, Райымбек даңғылында орналасқан ательеден шамамен 5 миллион теңгенің мүлкі ұрланған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда ірі ұрлықтың беті ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әуезов аудандық полициясының мәліметінше, Райымбек даңғылында орналасқан ательеден шамамен 5 миллион теңгенің мүлкі ұрланған.

– Қылмыс күндіз, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейінгі аралықта орын алған. Белгісіз адам еркін түрде кеңсеге кіріп, сол жерден мүлікті ұрлап, жалпы сомасы 4 млн 700 мың теңге материалдық шығын келтірген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктілер полицияның арнайы жасағының көмегімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде қаладағы базарлардың бірінде ұсталды, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Күдіктілердің екеуі де Түркістан және Алматы облыстарынан келгендер. Олардың жасы 25 пен 29-да. Қазір күдіктілердің жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті