USD
USD
USD

Алматыда ірі көлемде есірткі заттарының контрабандасы әшкереленді

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесті.

Алматыда ірі көлемде есірткі заттарының контрабандасы әшкереленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан пошта арқылы жөнелтілген затты алған Алматы қаласының тұрғыны жалпы салмағы 866 грамм болатын “марихуана” есірткісімен ұсталды.

Ұсталған азаматтың пәтерін тінту кезінде есірткі заттары, 5 дана электронды таразы, сондай-ақ есірткі заттарын қолдануға және орауға арналған құрылғылар тәркіленді. Ұсталған азаматтың Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқаны анықталды.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе