USD
USD
USD

Алматыда ірі энергонысандар бой көтереді

  Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Санжар Алин шаһардың жылыту маусымға дайындық барысын баяндады.

Алматыда ірі энергонысандар бой көтереді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында басқарма 10 жобаны Алатау, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары бойынша жүзеге асыруда. Оның ішінде биыл 4 жоба, қалған жобалар 2023 жылы аяқталады.

«Қазір ірі энергонысандар салынып жатыр. 400 мың тұтынушыны қамтитын екі қосалқы станцияның – «Алмагүл» және «Тұздыбастаудың» құрылысы ірі объектілердің бірі. «Алмагүл» қосалқы станциясының құрылысын жыл соңына дейін, ал «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысын келесі жылдың шілдесіне дейін аяқтау жоспарланып отыр», – деді С. Алин.

Алатау және Бостандық аудандарында 5 жоба әзірлену сатысында, оның мемлекеттік сараптама қорытындысын осы жылдың соңына дейін алу жоспарланған.

Сондай-ақ, ол мегаполисте сыртқы жарықтандыруды орнатуға тоқталды.

«Қаланың аудандық әкімдіктері 511 жарықтандырылмаған көшенің тізбесін жасады, оларға 6 854 шам, 6 705 тірек орнатуды жоспарлап отырмыз, 8 аудан бойынша желілердің ұзындығы – 210 шақырым», – дегенді жеткізді.

Бұдан өзге биыл 22 магистралды көшені жаңғыртуды аяқтау және 4 мыңнан астам жарық нүктесін ауыстыру жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

шенеунік ұсталды

Under Armour Қазақстан ұлттық құрамасының жасанды формасын әзірлегендерді анықтауға кірісті

Ұлттық құрама