USD
USD
USD

Алматыда IPO мәселелері бойынша кездесу өтті

Бүгін Алматыда «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазпошта» АҚ, қазақстандық AIX және KASE қор биржалары мен брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдерімен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO мәселелері бойынша кездесу өтті.

Алматыда IPO мәселелері бойынша кездесу өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Іс-шара қатысушылары жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысы туралы айтып, бірінші IPO-кандидаты – ҚазМұнайГаз, бағалы қағаздар нарығында инвестициялаудың тетіктері мен тәуекелдері туралы негізгі ақпаратпен бөлісті.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов бүкіл Қазақстан бойынша ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің ауқымдылығын атап өтті. «Бүгін Алматыда Маңғыстау облысында 16 қыркүйекте басталған ақпараттандыру кампаниясын тәмамдаймыз. Республиканың 100 мыңнан астам тұрғынының қатысуымен 120-дан астам кездесу өтті. Біз барлық облыс пен қаланы қамтыдық деуге болады. Дәл осындай шара алғаш рет өтіп жатыр», – деді Ғибрат Ауғанов.

Ол, сондай-ақ, IPO шеңберінде бөлшек инвесторларға, яғни Қазақстан азаматтарына басымдық берілетінін атап өтті. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акциясын екі бірдей қазақстандық алаңға орналастыру жоспарланып отыр: KASE және AIX.

          «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2031 жылға дейінгі жаңартылған стратегиясына сәйкес, компания мұнай өндіруді ұлғайтуды, геологиялық барлау жұмыстары мен мұнай-газ химиясы жобаларын дамытуды жоспарлап отыр. Кездесу ашық диалог форматында өтті. 

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған