USD
USD
USD

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен массаж салоны анықталды

Алматының тұрғын алабында интимдік қызмет көрсеткен массаж салоны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен массаж салоны анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы полицейлері интимдік массаж жасайтын салонды анықтады.

– Біздің бөлімшенің қызметкерлері Таугүл-3 ықшамауданындағы үйлердің бірінде сауықтыру кешенінің атын жамылған боди-массаж жасайтын салонды анықтады. Ғимараттың барлық бөлмелері клиенттерді қабылдау үшін жабдықталған.

Тексеру барысында “жұмыс орнында” бес қыз бен үйді жалға алушы ұсталды. Олар жеке басын анықтау және біздің жазбалар бойынша тексеру үшін бөлімшеге жеткізілді. Ғимаратты жалға алушы К.есімді азаматша жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген ғимараттың иесін міндетті түрде анықтаймыз. Бұл да заңға қайшы әрекет, – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG