USD
USD
USD

Алматыда індет жұқтырғандар саны неге көбейіп кетті?

Алматы қаласының мемлекеттік бас дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирус жұқтырғандар саны не

Алматыда індет жұқтырғандар саны неге көбейіп кетті?
Фото: NEGE.kz

ге артып кеткенін айтып берді.

Алматы, NEGE. «Өткен тәулікте қала бойынша 31 жағдай тіркелді. Тәуліктегі өсім көрсеткіші 1,1% құрады. Жалпы күнделікті өсім көрсеткіші 4,8 %-дан асқан жоқ. Күнделікті өсім көрсеткіші маңызды. Қала бойынша 2 647 жағдай тіркелді. Профилақтикалық тексеру кезінде 747 оқиға анықталды, бұл - 28,5%. Медициналық ұйымдарға өздері келгендерден 78 жағдай анықталды, байланыста болғандардар саны – 1 790», - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол 1 627 науқастың жазылып шыққанын атап өтті. «Індет жұқтырғандардың 8-9% жұмыс істейтіндер, зейнеткерлер – 1,6%, жұмыс істемейтіндер – 4,6%, балалар – 1,8%. Сенбі күні қала бойынша 117 жағдай тіркелді. Оның себебі көптеген жұмыс орындары ашылып, жұмысшылар тестілеуден өтті. Соның арқасында вирус жұқтырғандарды дер кезінде анықтадық. Яғни, мұның бәрі профилактикалық жұмыстың арқасында анықталып отыр», - дейді Жандарбек Бекшин.

Қазір оқып жатыр

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Конституциялық сот

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Қадағалаушы орган

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

 Рыс Бибарыс

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды

Ерболат Досаев