USD
USD
USD

Алматыда Halyk Bank-тің алғашқы 3 бөлімшесі өз жұмысын бастады

Алматы жаппай тәртіпсіздік жойқын салдарынан біртіндеп қалпына келтірілуде.

Алматыда Halyk Bank-тің алғашқы 3 бөлімшесі өз жұмысын бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша, бүгін оңтүстік астанада Halyk Bank қазақстандық банктер арасында бірінші болып заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған өзінің үш бөлімшесінің жұмысын іске қосты.

Қазіргі уақытта Алматыда ашылған банк бөлімшелерінің мекенжайы:
- Розыбакиев к-сі, 101 үй (жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі)
- Гагарин к-сі, 135/8 үй (жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі)
- Гагарин к-сі, 135/8 үй (заңды тұлғаларға қызмет көрсетіледі)

Ашылған бөлімшелердің барлығы бүгін сағат 16:30-ға дейін жұмыс істейді.
Бөлімшеге жүгіну арқылы заңды және жеке тұлғалар үшін банк барлық қызмет түрін ұсынады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ертең Алматыда Halyk Bank-тің 26 бөлімшесі жұмыс істей бастайды. Жұмыс кестесі 09:00-ден 17: 00-ге дейін.

Сонымен қатар, бүгін Halyk Bank-тің Алматы банкоматтарында қолма-қол ақшаны қамтамасыз ету бойынша жұмысын тұрақтандыру басталды.
Өзекті ақпаратты Halyk Bank-тің ресми сайты www.halykbank.kz арқылы алуға болады. 

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші