USD
USD
USD

Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығында жүкті әйел босанды

Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығында жүкті әйел босанып қалды.

Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығында  жүкті әйел босанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК басқарушы директоры Мұрат Жұманбай Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Жетісу ауданындағы ХҚО орталығына жүкті әйел өзінің танысымен тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге отыруға келген.

«Жүкті келіншек алдын ала түскі сағат 12:00-ге брондап қойған кезегін күтіп отырған. 10 минуттан соң оның толғағы басталып кетті. Оны көрген ХҚО басшысының міндетін уақытша атқарушы Қалмырза Сейтбеков оны бірден кабинетіне апарып, жедел жәрдем шақыртты. Жедел жәрдем көлігі келгенімен жүкті келіншекті перзентханаға жеткізуге уақыт болмады. Сөйтіп, келіншек халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының кабинетінде босанып қалды. Дүниеге қыз бала келді. Бұл отбасындағы үшінші бала екен. Құттықтаймыз!»,– деп жазды ол.

Жаңа босанған келіншек өзіне қажетті қызметті алып үлгерді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі