USD
USD
USD

Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы ашылды

Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы ашылды.

Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы ашылды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы құрылды.

Басты мсақсат – Қазақстан, Армения, Азербайджан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан сынды 9 елде экономикалық әлеуетті дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру. Өңірлік орталықты құруға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан мен Грузия да үміткер болды. 2019 жылдың қазан айында қорды Алматыда ашу туралы шешім қабылданды. Алматыдағы кеңсе өңірдегі бірінші әрі адами әлеуетті дамыту жөніндегі Халықаралық валюта қорының шоты бойынша 17-ші орталық болып саналады.

Қала әкімі Ерболат Досаев атап өткендей, орталық құру қатысушы елдер арасында білім алмасуға, өңірдің экономикалық әлеуеті мен қаржылық тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда электр энергиясы тарифтері тағы өзгеруі мүмкін

Электр энергиясы

Қазақстанға кіру шетелдіктер үшін енді 4 мың теңге болуы мүмкін бе?

паспорт

Мұхтар Тілеуберді қайта сыртқы істер министрі атанды

Мұхтар Тілеуберді

Қаржыгерлер доллардың 458,37 теңгеге дейін арзандау себебін түсіндірді

доллар бағамы