USD
USD
USD

Алматыда халықаралық әуе рейстері тоқтайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қаусылына сәйкес, 2020 жылдың 1 сәуірі сағат 00.00-ден бастап, Алматы қаласында халықаралық әуе рейстері тоқтатылады. 

Алматыда халықаралық әуе рейстері тоқтайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық COVID-19 инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында жасалынып отыр.
Енді Алматы қаласындағы «Алматы халықаралық әуежайына» барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуі ерекше өкімге дейін тоқтатылатын болады.
«Халықаралық Алматы Әуежайы» АҚ осы қаулыны орындау үшін тиісті шаралар қабылдап, оның орындалуын бақылау Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерге жүктеледі. Бұл қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком