USD
USD
USD

Алматыда халық саны 2 миллионға жетті

 Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың екі миллионыншы тұрғынының есімін жариялады. 

Алматыда халық саны 2 миллионға жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазірдің өзінде қазақстандықтар 19 миллионға жетті. Ал Алматы халқының саны екі миллионнан асты! Аяла Жамбыл екі миллионыншы тұрғын атанды. Ол полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жәнібекованың отбасындағы алтыншы қыз. Денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін!», деп жазды Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 3 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде халық саны 19 миллионға жеткенін жариялады. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния – отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі