USD
USD
USD

Алматыда Горельник сайы өртенді

Алматыда Кіші Алматы орманшылығына қарасты Горельник сайы өртенді.

Алматыда Горельник сайы өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іле Алатауы ұлттық паркіне қарасты Горельник сайы өртеніп жатыр. Аумақ Кіші Алматы орманшылығына тиесілі. Бұл жер парктің Медеу филиалына қарайды. Өрт шыққандығы туралы ақпарат бүгін түнгі сағат 00:30 шамасында келіп түскен. Түн болғандықтан сөндіру жұмыстары таңғы сағат 05:00-де басталған. Қазір орманшылар мен төтенше жағдай қызметінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» мекемесінен тікұшақ тартылды. Қызыл жалын әлі толықтай өшірілген жоқ. Мамандардың айтуынша, оған ұйытқи соққан жел мен түтін кедергі болып жатыр. Әзірге өрттің қанша аумақты шарпығаны белгісіз.

 Қазіргі таңда ұлттық парктен 42 адам 8 автокөлік, Төтенше жағдайлар депратаментінен 32 адам, 4 өрт сөндіру көлігі, 3 көлік ТД және Алматы қаласының құтқару қызметінен екі вездеход Қазавиаохранадан екі автокөлік жұмылдырылған. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе