USD
USD
USD

Алматыда ғалым Көпжасар Нәрібаевқа ескерткіш тақта қойылды

Алматыда ғалым Көпжасар Нәрібаевқа ескерткіш тақта орнатылды. 

Алматыда ғалым Көпжасар Нәрібаевқа ескерткіш тақта қойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда Қазақстанның ғылымы мен білімінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан академик, ғалым Көпжасар Нәрібаевқа ескерткіш тақта қойылды. Көзі тірі болғанда ғалым бүгін 85 жасқа келер еді. Көпжасар Нәрібайұлы елдегі бірнеше жоғары оқу орнында жетекшілік қызмет атқарды, жоғары және арнайы орта білім министрі болды. Әл-Фараби университетінің Ұлттық мәртебе алуына үлес қосты.

Беделді оқу орнын басқарған 10 жылдан астам уақытта инновациялық ғылымды дамытуда бастамашы болды. Академиктің артына қалдырған мол ғылыми еңбектері кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына, дейді үзеңгілестері. Ескерткіш тақтаның ашылуына қатысқан  әріптестері мен шәкірттері профессордың жарқын бейнесін еске алып, ескеліктерімен бөлісті.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG