USD
USD
USD

Алматыда ескерту жарияланды

Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді деген болжам бар. Ауа райының бұзылуына байланысты құтқарушылар ескерту жасады.

Алматыда ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Синоптиктер бүгін кешке қалада қатты жаңбыр жауып, кей уақытта найзағай ойнайтынын және жел екпіні секундына 15-20 метрге жететінін айтады.

Осыған орай, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, найзағай ойнап, қатты жел тұрып, нөсер жаңбыр жауған кезде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігінше шықпаңыздар. Көліктеріңізді ағаштардың астында қалдырмаңыздар», - деп хабарлады департамент.

Сонымен қатар, құтқарушылар туристерге тауға шықпауға кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі