USD
USD
USD

Алматыда есірткі таратты деген күдікпен полиция майоры ұсталды

Алматыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан полиция майорының ұсталғаны туралы ақпарат расталды.

Алматыда есірткі таратты деген күдікпен полиция майоры ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Алматыда Іле аудандық полиция бөлімінің полицейі ұсталды.

"ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінде осы есірткі тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді", – делінген хабарламада.

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Бұрын ол 10 келі Alpha-PVP (тұз) сатқан. Тұз бен мефедронның айырмашылығы - ол эйфория сезімін тудырып, тәбетті толығымен төмендетеді. Сол себепті оны қолданғандар қатты арықтап, тәуелді бола бастайды. 

Есірткі саудасымен айналысқан полицейді ҰҚК қызметкерлері Алматы облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп ұстаған. 

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары