USD
USD
USD

Алматыда есірткі сатушы ұсталды

Өткен аптада Алматы қаласы полиция департаменті жүргізген операция барысында “синтетика” сатушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда есірткі сатушы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицейлер есірткі заттарын жасырып кетумен айналысқан Алматы облысының тумасын ұстады. Жігіттен мефедрон салынған 265 түрлі-түсті орама тәркіленді. Анықталғандай, ол қылмыстық әрекетін өткен жылы курьер ретінде бастаған.

Алты айдан кейін күдікті синтетикалық және психотроптық заттарды ораумен айналыса бастаған. Берілген нұсқауларға сәйкес ол салмағы 200 грамнан асатын ірі көлемдегі орамаларды әзірлеген. Жігіттің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде “мефедрон” деген жазуымен 500 грамм ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған үлкен пакет, таразы, 400 zip-lock пакеттері, 43 түрлі түсті изолента мен қағаз жапсырмалар, 105 дайын есірткі орамдары тәркіленді.

Осы операцияның нәтижесінде полиция 1 кг 400 гр синтетикалық есірткіні айналымға жібермеді. Жалпы өткен аптада ел бойынша тәртіп сақшылары 124 есірткі құқық бұзушылығын анықтады: оның ішінде 16 өткізу фактісі, 15 сақтау фактісі, екі контрабанда фактісі, екі есірткі өсіру фактісі, бір притонды ұйымдастыру және ұстау фактісі.

Заңсыз айналымнан шамамен 121 кг есірткі, оның ішінде 6,5 кг синтетика тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе