USD
USD
USD

Алматыда есірткі сатқан порностудия иесі ұсталды

Алматыда есірткі сатқан порностудия иесі ұсталды, - деп хабарлад

Алматыда есірткі сатқан порностудия иесі ұсталды
Фото: NEGE.kz

ы Polisia.kz

Алматы, NEGE. Жедел әрекет есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде 20 жастағы В. есімді ер адамды ұстаған.

"Ол жұмыс орнында ұсталды. Жеке тінту барысында күдіктіден клиентке сатпақ болған синтетикалық есірткі салынған бума тәркіленді. Мәміле болған жоқ. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі психотроптық зат меткатинон - 4метилметкатинон (мефедрон) аналогы. Сонымен қатар, осы клубтың тұрақты келушілерінің бірі - 26 жастағы М. есімді адамға қатысты да жедел және арнайы іс-шаралар өткізілді. Оның тұрғылықты жері бойынша рұқсат етілген тінту жүргізілді. Тұрғын үйдегі кәдімгі пәтер есірткі тұтынатын адамдардың орнына айналған. Сол жерде 6 адам ұсталды. Қазір олардың жеке басы тексеріліп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.

Жедел уәкілдердің айтуынша, есірткі тұтынатын орынның иесі порностудияны да құрған. Ол Алматы қаласының элиталық шағын ауданында орналасқан.

"Онда 18 және 22 жастағы екі қыз жұмыс істеген. Жедел деректерге сәйкес, олар - нашақорлар. М. есімді ер адам оларды есірткімен қамтамасыз еткен. Порнографиялық мазмұндағы видеолар таратылатын WEBKAM студияны ер адам бірнеше ай бұрын құрған. Қазір оның әрекетін ҚР Қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша саралау мәселесі шешіліп жатыр. Негізгі қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - деді Әлмағамбетов.

 

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері