USD
USD
USD

Алматыда есірткі сататын 250-ге жуық сайт анықталды

Алматы қаласының полицейлері есірткі саудасына қатысы бар 247 сайтты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда есірткі сататын 250-ге жуық сайт анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары мен интернетті мониторингілеу барысында есірткі және психотроптық заттарды таратуға қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттауға ықпал етті. Сонымен қатар, өткен жылы синтетикалық есірткі шығаратын 5 зертхана анықталып, жойылды. Есірткіні тікелей байланыссыз сатумен айналысқан 2 ұйымдасқан қылмыстық топтың (5 күдікті) әрекетінің жолы кесілді. Жалпы, есірткінің заңсыз айналымына қатысты 400-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды және ұзақ мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы

«Самұрық-Қазына» ісі «Қазатомөнеркәсіпке» жетті: ҰҚК ұлттық компанияның топ-менеджерін ұстады

Қуаныш Омарбеков

«Қазгидромет» Ташкент ауасының ластануына Қазақстанның қатысы бар деген айыптауды теріске шығарды

Ташкент

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс