USD
USD
USD

Алматыда ерлі-зайыптылар синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан

Алматыда синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыптылар 10 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Алматыда ерлі-зайыптылар синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE.   Алматы қалалық Полиция департаментінің таратқан мәліметіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу Никляевтардың психотроп заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын анықтаған. «Олардың қылмыстық әрекеті бірқатар жедел және арнайы шара барысында расталды. А.Никляеваның және оның күйеуі Никляевтың тұрғылықты жерінен ұнтақ заты бар қағаз орама мен полиэтилен пакеттер, есірткіні кейіннен сату үшін орауға арналған құралдар табылып тәркіленді», – деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, сотталушылардың тұрғылықты жерінде тінту кезінде алынған психотроптық зат – пирролидиновалерофенон екені белгілі болды. «Қылмыстық істің материалдарынан күдіктілер қылмыстық әрекетті үйінде жасағаны, олардың кәмелетке толмаған екі баласы болғаны анықталды, балалар ата-аналарының заңсыз әрекетіне куә болған, бұл олардың психикасына әсер етті. Қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді», - дейді Әділ Салаев. Сот үкімімен Никляевтар кінәлі деп танылып, әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер