USD
USD
USD

Алматыда ер адам жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген

Алматыда ер адам жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда ер адам жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Алматы қаласы Алмалы ауданының полицейлері алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады.

– Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны ақша табудың “қарапайым” әдісін ойлап тапты. Көліктерді жалға алып, GPS-ін алып тастап, үшінші адамдарға көліктің құжаты жоқ деген желеумен арзандатылған бағамен сатып жіберген. Ал ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған. Тергеудің осы кезеңінде 1985 жылы туған О.есімді азаматтың осыған ұқсас алаяқтықтың 5 дерегіне қатысы бары анықталды. Қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеліп жатыр. Айыпталушы қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Азаматтарды егер оны таныған жағдайда, бізге мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78 және 8-778-591-91-35, – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала