USD
USD
USD

Алматыда ер адам иесін қорғамақ болған итке пышақ сұғып алды

Алматыда белгісіз ер адам көшеде итімен жүрген тұрғынға темекі бермегені үшін пышақ ала жүгірген, деп хабарлады Әлия есімді желі қолданушысы Facebook парақшасында. 

Алматыда ер адам иесін қорғамақ болған итке пышақ сұғып алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ит шабуылды бірден сезіп, иесін қорғауға ұмтылған. 

«Шабуылдаушы иттің иесін балағаттап, өлтіремін деп қорқытқан. Алайда жәбірленуші оған мән бермей, үйге қарай бет алады. Кіреберісте әлгі адам оны қуып жетіп, пышағын шығарып, өлтірмек болған. Сол сәтте ит шабуылды бірден сезіп, иесін қорғап, денесімен қалқалайды. Осылайша пышақты итке тығып алған. Ал қаскөй бірден оқиға орнынан қашып кеткен. Жануардың денесі сараптама үшін емханаға жіберілді», – деп жазды ол. 

Алматы қалалық Полиция департаменті Алмалы аудандық полиция басқармасының ҚК-тің 316-бабы 2-бөлігімен (жануарларға қатыгездікпен қарау) қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап жатқанын мәлімдеді.

Күдікті – 1987 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды.

«Күдікті иттің иесі екеуінің арасында туындаған жанжалдан соң, үй жануарын өзіне қарсы жібергенін және өзін қорғауға мәжбүр болғанын айтты. Оқиғаның объективті мән-жайлары қосымша тергеу барысында анықталатын болады», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Партия төрағалары неге қатарынан ауысып жатыр?

Партиялар

Алматыда сел қаупіне байланысты Наурызбай ауданы тұрғындары эвакуациялануда

Сел

Бектенов Eni және Baker Hughes компаниялары басшылығымен кездесті

кездесу

Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызға белгіленді

Сайлау туралы заң