USD
USD
USD

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Алматыдағы емханалардың бірінде ер адам бұрынғы әйеліне оншақты рет пышақ сұққан, деп хабарлайды Kazinform.

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жантүршігелік оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында тарады.

Онда Алматыдағы емхананың темекі шегетін бөлмесінде әйелге бұрынғы күйеуі шабуыл жасап, оны 8-10 мәрте пышақтағаны айтылған.

Алматы полиция департаменті аталған деректі растады.

«Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы (қылмысқа оқталу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тиісті тергеу шаралары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала