USD
USD
USD

Алматыда ер адам автобуста отырған бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасады (видео)

Ғаламторда Алматы қаласында №38 автобуста бұрынғы әйеліне пышақпен шабуылдаған еркектің видеосы тарады.

Алматыда ер адам автобуста отырған бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасады (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Белсенді Дина Смаилованың мәліметіне сәйкес, оқиға 31 шілдеде 22:30 шамасында болған. Ол әйелін 4 күн аңдып жүрген. 

Алайда әйел жұмысынан басқа есік арқылы шығып, қашып жүрген. Сол күні ер адам әйелді алдап, артынан еріп автобусқа бірге мінген. 

"Бұрынғы күйеуі бірнеше рет күш қолданған. Әйел отбасылық зорлық-зомбылық бойынша полицияға бірнеше жүгінген. Ерлі-зайыптылар екі жылдан бері ажырасып кеткен. Алайда ол әйелдің жеке өмірін бақылап, аңдуын доғармаған", – деп жазды Дина Смаилова. 

"Автобус жолаушылары араша түскендіктен ойындағысын іске асыра алған жоқ. Бұл – қауіпті азамат, бұрынғы әйеліне қышқыл құйып жіберетінін айтып қорқытқан. Аталған жағдайда әйелді адамдар құтқарып қалды, алайда бұл кез келген уақытта қайталануы мүмкін", – деп қосты белсенді. 

Дегенмен Алатау ауданында полицейлер аталған деректі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы, 1-бөлігі "Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер" бойынша тіркеп, ер адамды тек 15 тәулікке қамауға алған. Алайда құқық қорғаушы мұндай жазамен келіспейтінін мәлімдеді. 

Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлімдеді. 

"Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады", – делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

«7 айда жауап алуға екі-ақ рет шақырды»: Алматыда журналист Гүлнар Бажкенованың соты басталды

Гүлнар Бажкенова

Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады

Терроризмге осал нысан

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын

Ресейге жеткізу

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау