USD
USD
USD

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті

  Алматыда коронавирус жұқтырғандарды тіркеу жоғары деңгейде қалуда.

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Себебі, бір тәулікте 964 расталған жағдай тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мәлім етті. Алматыда 2021 жылдың басында вакциналанған адамдардың 4,8% - ында иммунитеті әлсіреген, бұл «омикрон» штаммының иммундық кедергіні еңсеру ерекшелігіне қатысты болды. Сондай-ақ, бұрын ауырып сауыққан адамдардың да иммунитеті төмендеді. Мысалы, 2021 жылдың басынан бері 2,1% (3492 адам) қайта жұқтырды. Алматыда «омикрон» жұқтыратын халықтың ең белсенді тобы – 20-39 жас аралығындағы жастар, олардың көпшілігі вакцинациядан жалтарғандықтан КВИ – мен ауыратындардың жалпы санының 32% құрайды.

Эпидемиологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша, өткен аптада алматылықтардың 94% –ның жұқтырған негізгі жұқтыру орындары сауда объектілері – 34%, қоғамдық көлік – 24%, отбасылар – 21%, базарлар – 9%, туыстық және достық байланыстар-6% болып отыр. Айта кету керек, Алматыда үй карантинін бұзушылар саны да өсті. Ағымдағы жылдың басынан бастап 7 ақпанға дейін ұйымдар мен объектілерге барғысы келетін «қызыл» статусы бар 171 адам анықталды, ал 2021 жылдың желтоқсан айында небәрі 55 бұзушы болған, бұл ағымдағы жылдың басында үй карантинінің бұзылуы 3 еседен астам өскенін білдіреді. «Қызыл» статусы анықталған барлық 171 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 7 млн.теңгеден астам сомаға 30 АЕК көлемінде айыппұл төледі. Осыған байланысты Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті алматылықтарды эпидемияға қарсы шараларды мүлтіксіз сақтауға шақырды. «Маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, қол гигиенасын сақтау, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға бармауға тырысу. Сондай-ақ, амбулаторлық емделудегі азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз. Алматылықтарға COVID-19-ға қарсы вакцинациядан және вакцинациядан кейін 6 ай өткен соң ревакцинациядан белсенді өту қажеттігі туралы еске саламыз, өйткені, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы ғана шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастауға және үйреншікті өмір салтына оралуға мүмкіндік береді», - деп ескертті қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық