USD
USD
USD

Алматыда эпидемиологиялық жағдай қалай?

Мегаполисте эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. 

Алматыда эпидемиологиялық жағдай қалай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

«Алматы қаласы халқының иммундық қабаты биылғы жылдың 25 тамызында вакцинациялаудың толық курсынан кейін халықтың қала ресми санының 41% - ын құрады. Коронавирус бұрынғыдай, 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында өршіп тұр 33,5%, 40-59 жас аралығында 25,2% және 60 жас және одан жоғары – 23,1%»,- деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде.

«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала «қызыл» аймақта болуын жалғастыруда. Осы жылдың 25 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін «үнділік» COVID-19 нұсқасына байланысты індеттің төртінші толқыны жүріп жатыр. Эпидемияның осы толқынының даму шыңы 12 тамызда басталды. Мегаполисте тәулігіне шамамен 1,5 – 1,6 мың адамнан коронавирус анықталып жатыр»,- деді ол.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев