19 Мамыр 09:40
...

Алматыда ЕО-Орталық Азия экономикалық форумы басталды

Фото:

Алматыда тағы да халықаралық ауқымдағы іс-шара басталды. Мемлекеттік шенеуніктер, қаржы институттарының басшылары және бизнес өкілдері ЕО-Орталық Азия экономикалық форумына қатысып отыр.

Алматы, NEGE. Бұл екінші сессия, алғашқысы 2021 жылы Бішкекте өткен. 

Ашылу рәсімінде қонақтарды Алматы әкімі Ерболат Досаев қарсы алды. Ол екі ірі нарық – Қытай мен Еуропа арасындағы қарым-қатынасты нығайтудағы қаламыздың рөлін ерекше атады. Елдің транзиттік әлеуетін арттыру үшін Алматыда бірнеше инфрақұрылымдық жобалар қолға алынған. Жүктерді тезірек жеткізу үшін теміржол желісі салынып жатыр – бұл жеткізу уақытын 1 күнге қысқартуға мүмкіндік береді. Алматы әуежайы халықаралық хабқа айналады: жаңа терминал өткізу қабілетін 2 есеге арттырады.

 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» екінші экономикалық форумына қатысады.

Форумның панельдік сессиялары аясында екі өңірдің экономикалық қарым-қатынасын нығайтудың өзекті мәселелері талқыланып жатыр. Олардың ішінде:

– кәсіпкерлер арасындағы сауда байланыстарын дамыту;

– мультимодальды жүк тасымалдарын жүзеге асыру;

– сауда маршруттарының инфрақұрылымын жаңғырту;

– коммерциялық операцияларды жүргізу саласында цифрлық шешімдерді енгізу;

– мемлекеттік реттеу және т.б. бар.

Жоғары деңгейдегі сессияға Қырғызстан, Тәжікстан премьер-министрлері, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің ресми өкілдері, Еурокомиссия, Еуропа елдері мемлекеттік органдарының және халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары, іскер топ өкілдері және т.б. қатысады деп күтілуде.

Форум аясында Қазақстан Үкіметінің басшысы бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

Тегтер: