12 Шілде 16:54
...

Алматыда электрлі самокатты пайдалануды үйрететін мектеп қайта ашылады

Фото:

Whoosh кикшеринг қызметі электрлі самокатты жүргізу мектебінің екінші маусымын ашады. Халықаралық жоба қызметі барлық қалада  екінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр.

Алматы, NEGE.  Аталмыш шара Алматыда 14-16 шілде аралығында Республика сарайының алдындағы алаңда өткізіледі. Қатысуға тілек білдірушілер электрлі самокаттарды  қауіпсіз жүргізудің негізгі қағидалары бойынша тегін оқудан өтіп, ЖҚЕ білімін жаңарта алады.

2023 жылғы 12 шілде - жаңа маусымда Whoosh ережелерді оқыту және қала тұрғындарын жаңа қалалық көлікпен таныстыру бойынша өзінің халықаралық әлеуметтік бастамасын жалғастырады. Көлік жүргізу мектебінің алаңында олар қолданыстағы ережелермен таныса алады. 

Жоба этикалық және жауапты жүргізу қағидаттарын, жол қозғалысы кезінде басқа жүргізушілерді құрметтеуді насихаттауға арналған.

Whoosh электрлі самокаттарды  жүргізу мектебін 2021 жылы бастады. 2022 жылдың соңына қарай жобаға 1 млн астам адам қатысты. Әлеуметтік жоба үлкен қызығушылыққа ие болып, 4,5 мыңнан астам адам оқудан өтті. Сонымен қатар, олардың жартысына жуығы бұрын ешқашан электрлі самокаттарды теуіп көрмеген еді. 

Көлік жүргізу мектебі 14-16 шілде аралығында жұмыс істейтін болады. Шілденің 14 және 15-інде сағат 14:00-ден бастап 21:00-ге дейін, ал 16-сы күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, Республика сарайының алдындағы алаңда (Абай және Достық даңғылдарының қиылысы) жұмыс істейді.

Алматының барлық тұрғындары электрлі самокаттар  жүргізу ережелерімен танысып, оларды игеруге тест тапсырып, Whoosh самокаттарымен  жүруге жеңілдік ала алады. Тәжірибелік дағдыларды тәжірибелі нұсқаушылардың қатысуымен жасанды кедергілері бар алаңда шыңдауға болады. Әрқайсысына оның деңгейіне сәйкес оқу бағдарламасы ұсынылады.

Практикалық сабақтар электрлі самокаттарды пайдаланудың өмірлік жағдайларын пысықтауға көмектеседі. Қалалық ортада жеке жылдамдық құралдарын (СИМ) басқару этикасы мен мәдениетіне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ , жағымсыз жағдайларға немесе ЖКО-на әкелуі мүмкін жиі кездесетін қателіктер мен заң бұзушылықтар талданады.

Whoosh жүргізу мектебінде не үйренуге болады?

– Жеке жылдамдық  құралдары үшін өзекті ЖҚЕ.

– Самокат қалай жұмыс істейді?

– Сапарды қалай бастау керек?

– Электросамокаттармен қайда жүруге не жүрмеуге болады?

– Жауапкершілікпен жүргізудің  принциптері қандай?

– Қозғалыс кезінде неге мән беру керек?

– Төтенше жағдайда қалай әрекет ету керек?

–Сапарды қалай аяқтауға және самокатты тұраққа қалай қоюға болады?

Естеріңізге сала кетейік, Астанада көлік жүргізу мектебі осы жылдың шілде айында өтеді.

Тегтер: