USD
USD
USD

Алматыда электр самокаттарды жалға беретін 35 станция іске қосылды 

Алматыда бұдан былай электр самокаттарды жалға алуға болады, деп хабарлайды «Хабар 24». Қала тұрғындарына енді діттеген жерлеріне таза ауамен тыныстап, жылдам жетуге мүмкіндік бар.

Алматыда электр самокаттарды жалға беретін 35 станция іске қосылды 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жоба бойынша  шаһарда электр самокаттарды жалға беретін 35 станция іске қосылған. Ал онда әзірге 50 самокатты пайдалануға  болады.  Қазір бұл жоба сынақтан өтіп жатыр. Егер де халықтың көңілінен шығып жатса,  шілденің ортасынан бастап  жалдамалы самокаттардың саны 300-ге жеткізіледі, дейді қалалық мобильділік басқарма өкілдері.  Экологиялық таза көлікті жалға алу құны минутына 45 теңге.

Төлемді арнайы мобильді қосымша арқылы  жүзеге асыруға болады. Ең бастысы, шотыңызда кемінде 2 мың теңге болуы қажет. Жоба авторы Асылбек Есенов: "Бұл самокаттарды тек кәмелет жасына толған азаматтарға  жалға береміз.  Себебі біздің қызметімізді  төлеу  үшін оның банк картасы болуы қажет.  Ал өз тарапымыздан біз самокаттарды міндетті түрде залалсыздандырып, оларды қуаттауды міндетімізге аламыз.  Бұл карантин уақытында  қоғамдық көліктермен жүргеннен гөрі оқшау жүргеннің тиімді шешімі  деп ойлаймын", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Данияр Мейірхан

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Жұлдыз Сүлейменова

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Медеу

Қазақстандық әйел порнография үшін Қырғызстаннан бала сатып алған

Қылмыстық іс