USD
USD
USD

Алматыда электр қуаты қымбаттады

Алматыда электр қуатының бағасы 

Алматыда электр қуаты қымбаттады
Фото: NEGE.kz

тағы да қымбаттады. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Болат Сәмбетов брифинг барысында мәлімдеді.

Алматы,NEGE. Департамент басшысы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатының тарифі біршама көтерілгенін айтты.

«Өткен жылдың соңында «АлматыЭнергоТарату» ЖШС бағаны көтеру туралы өтініш жасады. Нәтижесінде тариф 4,6%-ға қымбаттап, тұтынушылар әр кВт үшін енді бұрынғыдай 16 теңге 36 тиын емес, 17 теңге 12 тиын төлейді. Мұндай шешім қабылдауға электр қуатын жеткізетін алпауыт компаниялардың қызмет құнын өсіруі себеп болған. Нақтырақ айтқанда, «Жаңартылатын энергия көздері бойынша есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС электрмен жабдықтау қызметтеріне тарифті 30%-ға, «KEGOC» желілері арқылы электр қуатын жеткізу бойынша қызмет 12%-ға, «ҚТЖ» АҚ қызметтерінің 2%-ға қымбаттауы», – деп түсіндірді Болат Сәмбетов.

Оның айтуынша, қазір қаладағы суық су тарифі – 42,8 теңге, кәріз суы – 23, 13 теңге, жылу бағасы – 3365 теңге, газ – 26,5 теңге.

Қазір оқып жатыр

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.