USD
USD
USD

Алматыда екі жасөспірім жалға алған пәтерлерін қайта жалға беріп, алаяқтық жасаған

Алматы облысында екі жасөспірім жалға алған пәтерлерін қайта жалға берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда екі жасөспірім жалға алған пәтерлерін қайта жалға беріп, алаяқтық жасаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алмалы ауданының полицейлері анықтағандай, 20 және 17 жастағы азаматтар болжам бойынша тамыз айынан бері алаяқтықпен айналысқан.

– Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, алғашында жастар ғаламтор арқылы өздерінде жоқ пәтерлерді күнделікті жалға беру туралы хабарландыруларды таратқан. Олар алдын ала төлемді алған соң, ұялы телефондарын өшіріп тастаған. Әрі қарай, ағайындылар өздері бір күнге жалға алған пәтерлерді ұзақ уақытқа жалға беруге кірісті. Кейде олар бірнеше айдың жалдау ақысын алатын. Алданған азаматтар полицияға көмек сұрап жүгінген. Күдіктілер ұсталды, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Қазіргі уақытта осыған ұқсас алты эпизод анықталды. Күдіктілердің жеке басы басқа да алдау әрекеттеріне қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр.

Алаяқтың жасаудың осыған ұқсас дерегі анықталған жағдайда, полиция қызметкерлері азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-705-555-77-63 және 8-778-591-91-35.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты