USD
USD
USD

Алматыда екі медициналық мекемеге жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті

Бүгін таңертең Алматы қалалық полициясының жедел басқару орталығына шаһардағы екі медициналық мекемеге жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті.

Алматыда екі медициналық мекемеге жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көрсетілген мекен-жайға жеткен шұғыл әрекет ету қызметінің өкілдері  дәрігерлер мен емделушілерді қауіпсіз аумаққа шығарып, ғимаратты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болып шықты.

Қазіргі уақытта №4  қалалық клиникалық аурухана мен жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

- Бұл ақпарат жалған болып шықты. Нәтижесінде екі медицина мекемелері өз жұмыс орындарына қайта оралып, қазіргі таңда осы суыт хабарды, жалған хабарды таратқан азамат іздестірілу үстінде. Оның іс әрекеті қылмыстық кодекстің 273-ші бабы бойынша, саралануда, - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры