USD
USD
USD

Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді

 Алматыда Рысқұлов көшесіндегі екі қабатты ғимараттан өрт шықты. 

Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуір күні түскі сағат 13:22-та Алматы ТЖД кезекші бөліміне Алатау ауданы Рысқұлов даңғылы көшесінде орналасқан ғимараттың өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. «ТЖД күш-құралдары жоғары дәрежелі шақырту бойынша Алатау ауданы Рысқұлов даңғылы, 258 мекен-жайына жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде екі қабатты ғимараттың ашық жанып жатқаны анықтаkды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынымен барлау барысында ғимараттің ішінде адам табылған жоқ, өрт оқпандары беріліп, өрт автоцистерналары өрт гидранттарына орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өрт болған жерге 18 техника мен 60 адам жұмылдырылды» деп хабарлады департаменттен.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру