USD
USD
USD

Алматыда екі қабатты дәмханадан өрт шықты

Алматыда дәмханадан өрт шықты.

Алматыда екі қабатты дәмханадан өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматының Алатау ауданында дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданы, «Ақбұлақ» шағын ауданы «Бәйтереков 13» мекенжайы бойынша өрттің жоғары дәрежедегі шақыртуы бойынша жұмыс істеп жатыр. Онда екі қабатты «Терраса» кафесі отқа оранды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнында жедел штабтың жұмысы орнатылып, жанып жатқан жерден 50 литрлік 3 газ баллоны эвакуацияланды.

Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты